Евразия16 февраля 2023, 20:00

Бас прокуратура Jusan тобын Қазақстанға қайтаруы мүмкін

"Pioneer Capital Invest" ЖШС мен Jusan Technologies Ltd арасындағы «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ның, сондай-ақ онымен байланысты ұйымдардың активтерін шетелдік юрисдикцияларға беру туралы мәмілені жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласы прокурорының талап арызы бойынша азаматтық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.media.

2022 жылдың маусымда Президент тапсырмасынен кейін елден заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылып, Бас прокуратура капиталды жымқыру және шет елге шығару фактілерін анықтау үшін банк секторында  талдау жүргізгенін мәлімдеді. 

Талдау барысында «Jusan» тобының активтерін басқару құрылымын өзгертудің көлеңкелі схемасы анықталды.  Аталған схеманы жүзеге асыру нәтижесінде топтың қызметін бақылау құзіреті шетелде тіркелген ұйымдарға өтеусіз берілген.  2020 жылғы 27 сәуірде Jusan тобының иесі «Pioneer Capital Invest» ЖШС-ның қатысушыларының жалпы жиналысында Pioneer мүлкін шетелде тіркелген Jusan Technologies Ltd компаниясының жарғылық капиталына беруді мақұлдау туралы шешім қабылданған, деп жазды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Бұл әрекеттер қоғамдық мүдделерге, оның ішінде  "Назарбаев Университеті" мен "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" ондаған мың қазақстандық студенттері мен оқушыларының мүдделеріне қауіп төндіріп отырғаны айтылды.

Себебі «Jusan» тобының акциялары, облигациялары мен депозиттері бойынша дивидендтері аталмыш оқу орындарын қаржыландыру көздерінің бірі. Бұдан бөлек, 2023 жылғы 3 ақпанда Бас прокуратураға бірқатар субъектілердің құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарынан «Жусан» тобы шетелдік мемлекеттер азаматтарының бақылауына өтіп кету фактілері бойынша прокурорлық қадағалау шараларын қабылдау туралы «Назарбаев қорының» арызы келіп түсті. Прокуратура органдарының мақсаты тек әділеттілікті қалпына келтіріп, «Jusan» тобының активтерін басқаруды Қазақстанның құзырына қайтару болып табылады, деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, аталған талап арыз Jusan Bankтің жұмысына қатысты емес, яғни оның ағымдағы қызметіне, сондай-ақ банктің клиенттері мен іскерлік серіктестіктерімен өзара іс-қимылына шектеу қоймайтыны белгілі болды.  Істің сотта қаралуы Jusan Bankтің жұмысына әсер етпейтін көрінеді.  Сондықтан қалыпты жағдайда жұмысын жалғастыра бермек. 

Жусан банк Бас прокуратура Азаматтық іс Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!