Джо Байден Украинаға 500 миллион долларлық жаңа әскери көмек көрсетілетінін атады
20 ақпанда АҚШ президенті Джо Байден Киевке сапарлап, бірнеше маңызды мәлімдемелер жасады, деп хабарлайды Arbat.media.
New York Times газетінің хабарлауынша, Байден америкалық өзге шенеуніктер сияқты Польшадан Киевке пойызбен жеткен.
Атап айтқанда, АҚШ президенті Украинаға жаңа әскери көмек пакетін және Ресейге қарсы жаңа санкцияларды жариялады.
Джо Байден Украинаның көшбасшысы Владимир Зеленскийме әңгіме барысында АҚШ Киевті "қажет болғанша" қолдайтынын айтып, уәде берді. Сондай-ақ, Украина астанасындағы келіссөздер кезінде Байден Украина үшін соғыс қимылдарының салдары үлкен болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, Джо Байден Украинаға 500 миллион долларлық жаңа әскери көмек траншын атады. Оған артиллериялық снарядтар, танкке қарсы жүйелер және Әуе қорғанысы радарлары кірмек.
Байден сапар кезінде АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды күшейтетінін айтты.