Placeholder
bbc.com
Евразия28 марта 2023, 14:06

АҚШ-та діни мектептегі қарулы қарулы қақтығыс кезінде үш оқушы оққа ұшты

АҚШ-тың Теннесси штатындағы христиан мектебінде атыс болып,  үш бала қаза тапты, деп Arbat.media.

ВВС оқиға орын алысымен полиция шабуылдаушыны атып өлтіргені туралы жазды. Қайғылы оқиға Нэшвилдегі Бертон-Хиллз гүлзарындағы мектептердің бірінде болған. Кейін қылмыскер атыс кезінде полиция оғынан қайтыс болды.  

Атыс кезінде жаралаған үш оқушыны ауруханаға жеткізген. Алайла олар жол үстінде өмірмен қоштасты. 

Оқиға болған Нэшвилдегі мектеп алтыншы сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған жеке христиан мектебі болып саналады. Мұндай балалар 11-12 жасқа дейін білім алады. Діни білім ошағында екі жүзге жуық оқушы бар.

Education Week биыл АҚШ мектептерінде 12 рет атыс болып, адам өлімі мен жарақат деректерін тіркеген. Ақпан айының 14 күні АҚШ-тағы Мичиган университетіндегі атыс кезінде үш адам қаза тауып, бес адам жарақат алған болатын. Қолына қару алып, адам атқан ер адам көп ұзамай өзіне қол салған.

Сонымен бірге, 17 ақпанда елдің Миссисипи штатындағы Аркабутла қаласында қарулы ер адам өзінің ажырасқан әйелі мен тағы басқа бес адамды атып өлтірген. Құрама штаттарда бері 73 рет жаппай атыс оқиғасы тіркеліп отыр. Бұдан бөлек, 2022 жылдың мамыр айының соңында Техас штатының Ювалд қаласындағы мектепке жасалған қарулы шабуыл кезінде 19 оқушы және екі мұғалім қайтыс болды.

АҚШ Оқушы өлімі Атыс Әлем

Новости по теме