Жаңаөзендегі жарылыстан кейін баспанасыз қалған отбасыларға баспана берілді

20 апреля 2023 г. 17:45 / Новости Казахстана

Жаңаөзенде екі қабатты үйде болған жарылыстан кейін тұрғындарған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ атынан баспана берілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Үш күн бұрын мұнайлы қалада жойқын жарылыс болып, төрт адам қайтыс болған еді. Кейін баспанасыз қалған өзге тұрғындарға "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ пәтер әперетіні туралы айтылған болатын. 

«Бұл өте ауыр жағдай. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз, мықты болыңыздар. Бастарыңызға сынақ түскен кезде біз шет қалмай, Президенттің тікелей тапсырмасымен баспанасыз қалған отбасыларға пәтер алып бердік. Осындай сын сағатта сіздер үшін қолымыздан келгенді жасап жатырмыз», - деді ҚМГ басшысы. 

Қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған 9 отбасыға жанұядағы адам санына байланысты екі бөлмелі 2 пәтер, үш бөлмелі 5 және бес бөлмелі 2 пәтер сатып алынған. 

Жаңаөзенде екі қабатты үйде газ жарылыстан кейін тексеру жұмыстарын жүргізген облыстық прокуратура апаттың себебін атады. Бұған дейін Жаңаөзен қаласында болған жарылыс туралы жазған едік. Кейін оқиғадан төрт адам қайтыс болып, оннан астамның зардап шеккені белгілі болды. Апатқа байланысты "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ пәтерінен айрылған тұрғындарға баспана беретінін мәлімдеді.  

 

Автор
Новости партнеров