Ерін қызғанған әйел астаналық екі қызды соққыға жыққан

30 августа 2023 г. 10:57 / Новости Казахстана

Астанада тұрғын үйде қызғаныштан туындаған төбелес болды, - деп хабарлайды Arbat.media.  

27 тамыз күні Бейбітшілік 26 көшесіндегі үйде бір әйел екі қызға тап берген. Бірінің бетін таспен ұрып, ол есінен танып қалған.

Видеода жәбірленуші болған оқиғаны айтып береді.

Белгілі болғандай, екі бойжеткен үйдің кіреберісінде көршісін кездестіріп, көршісі қыздардан досына келуін өтініп телефоннан қоңырау шалуын өтінген. Ер адам келген соң, еркекпен  бірге тұратын әйелі қыздарды жұдырықтап, төбелеске кіріскен.

Зардап шегушілердің айтуынша, әйел тыйым салынған зат (есірткі) пайдаланған. Шабуылдаушы әйел екі қызды полицияға хабарласса, оларға есірткі салып, ұстатып жіберетінін айтып сес көрсеткен.

Астана қаласының полиция департаменті аталмыш фактімен «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Новости партнеров