Жаңаөзендегі жарылыстан соң жиырмаға жуық үй газ желісінен ажыратылды

18 апреля 2023 г. 17:11 / Новости Казахстана

Жаңаөзенде екі қабатты үйде болған жарылыстан кейін сол маңдағы көппәтерлі үйлерге газ беру жүйесі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қалалық Тұрғынүй коммуналдық шаруалық бөлімінің мәліметінше, жарылыс орнына жақын орналасқан көппәтерлі үйлерге газ беру жүйесіне уақытша шектеу қойылды. 

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жаңаөзен филиалының мамандары қазір апатқа байланыты газбен жабдықтау жүйесін тексеріп жатыр. Анықталған дерек бойынша дәл осы жерде газ реттеу пунктіне жерасты газ құбыры, ал одан тұтынушыларға жер үсті газ құбыры өтетіні белгілі болға. 

Біз тұрғындарға газды уақытша өшіргенімізді алдын ала хабарладық. Олар газбен жабдықтау жүйесін тексеру қажет екендігіне келісім берді. Қазір осы бағыт бойынша мамандар жұмыс істеп жатыр. Тексеру 2-3 күнге созылып, кейін қайтадан газ желісі іске қосылады", - деді Жаңаөзен әкімдігінің ТКШ бөлімінің мамандары.

Кеше Жаңаөзенде таң ата екі қабатты үйде газ жарылып, төрт адам қайтыс болды. Аталған жарылыстан кейін тексеру жұмыстарын жүргізген облыстық прокуратура апаттың себебін атады. Бұған дейін Жаңаөзен қаласында болған жарылыс туралы жазған едік. Кейін оқиғадан төрт адам қайтыс болып, оннан астамның зардап шеккені белгілі болды. Апатқа байланысты "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ пәтерінен айрылған тұрғындарға баспана беретінін мәлімдеді.  

 

Автор
Новости партнеров