Үй ішінде есірткі зертханасын ұйымдастырған Қарағанды тұрғыны ұсталды

29 июня 2023 г. 17:35 / Новости Казахстана

Қарағанды тұрғыны үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, Қарағанды қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасы барысында қала көшелерінің бірінен 52 жастағы азаматты ұстаған.

Ол өз үйінде қарасора өсіріп жатқандығы туралы мойындады. Ұсталған азаматтың мекен жайынан полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді баптайтын фитозертхананы анықтап отыр. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан канабис тұқымын, 28 шыны ыдысқа отырғызылған өсімдік бұтасын, канабисті ұрықтандыратын заты бар 40 ампуланы және ультракүлгін шамдар тәріледі, - деп жазылған министрлік таратқан ақпаратта.

Сараптама қорытындысына сәйкес, 28 шыны ыдыстағы өсімдіктердің қарасора екені анықталды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 300-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Павлодар облысында қарасора өсірген екі тұрғын ұсталған еді. Сондай-ақ, Жетісу облысына қарасты ауылдардың бірінде есірткі плантациясын ұстаған тұрғын анықталған еді Сондай-ақ,аталған өңірде есірткі сатушыны жергілікті полицейлер қолға түсірген болатын. Сондай-ақ, өңірде қарасора өсірген екі ауданның тұрғындары туралы ақпарат тарады. 
 

Автор
Новости партнеров