Түркістан облысында бір күн ішінде есірткі өсірген екі тұрғын анықталды

3 июля 2023 г. 23:08 / Новости Казахстана

Түркістан облысында бір күн ішінде үй ішінде есірткі өсірген оқиғаның екі дерегі анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора-2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізу барысында есірткіні ерекше әдіспен өсірген кентаулық тұрғынды ұстады.

Ер адамның үйін тінту кезінде, жатын бөлмесінен ішінде есірткіге ұқсас заты бар 11 сіріңке қорабы табылды. Одан әрі жедел ақпарат көздері арқылы оның ағасының үйінде есірткі өсіретіні анықталды. Күдікті жігіт туысының пәтеріне есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған фитозертхана жасаған. Яғни, пәтердің бір бөлмесін арнайы фитожарықтандырғышпен жабдықтап, есірткінің өсуіне қажетті барлық жағдайды қамтамасыз еткен.

Жедел уәкілдер оқиға орнынан “заңсыз бақша” яғни есірткіге ұқсас өсімдік өсірілген 18 гүл құмырасын тапты. Бұл ыдыстардан 46 сабақ пен 3 түп сора өсімдігі тәркіленіп алынды. Алынған есірткі заттарына сараптама тағайындалып, зерттеу қорытындысы марихуана есірткісі екенін растады. Одан бөлек пәтерден 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тексеру кезінде бұл қару бірнеше жыл алдын болған пәтер ұрлығы кезінде ұрланған қару болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған өңірдің ПД таратқан ақпаратта. 

Бұдан бөлек, облыстағы экстремизмге қарсы күрес басқармасының тәжірибелі жедел уәкілдері деструктивті діни ағым жақтаушы ретінде есепке алынған түркістандық ер адамды есірткі егумен айналысқаны үшін қолға түсірді.

Күдіктінің ауласынан 2300-ге жуық егілген есірткіге ұқсас түптер алынды. Сонымен қатар шыны ыдысқа салынған есірткіге ұқсас зат алынып, сараптама жұмыстары тағайындалды. Нәтижесінде алынған түптер  жалпы салмағы 60 келіге жуық сора есірткісі болып шыққан. Ал шыны ыдыстағы 35 грамнан асатын марихуана екені дәлелденіп, күдікті қазір қамауда отыр. Аталған екі дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігімен тіркелді, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Павлодар облысында қарасора өсірген екі тұрғын ұсталған еді. Сондай-ақ, Жетісу облысына қарасты ауылдардың бірінде есірткі плантациясын ұстаған тұрғын анықталған еді Сондай-ақ,аталған өңірде есірткі сатушыны жергілікті полицейлер қолға түсірген болатын. Сондай-ақ, өңірде қарасора өсірген екі ауданның тұрғындары туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ, үй ішінде есірткі зертханасын ұйымдастырған тұрғын қамауға алынды. 

 

Автор
Новости партнеров