Қызылорда облысында табылған адам сүйектеріне қатысты тергеу басталды

28 апреля 2023 г. 12:57 / Новости Казахстана

Қызылорда облысында теміржолға жақын маңнан табылған адам сүйектеріне қатысты өңір полицейлері тергеуді бастады, деп хабарлайды Arbat.media

Қазір аталған дерек бойынша 001 (табылған мәйіт) санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталған.

Қызылорда қаласы Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында, адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынған. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Болжам бойынша, оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылған орын ескі қорым болуы мүмкін. Әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді, деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Бұдан сәл бұрын өңірде желді күні құм арасынан бірнеше адамның сүйегі табылғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Сонымен қатар, Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылған болатын. Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы зират маңын тазалап жүрген тұрғындар пакетке салынған адам сүйегін тапқан болатын. Қаланың «Бармашино» шағын ауданындағы аллея маңындағы ескі зират аумағында табылған адамның сүйектері және бас сүйегінің сынықтары полиэтилен қапшықта жатқан. 

Автор
Новости партнеров