Қорғаныс министрлігі Тұрлыхановтың қашып кеткен ұлының табылғанын мәлімдеді

4 июля 2023 г. 14:16 / Новости Казахстана

Кеше ғана әскери бөлімнен қашып кеткен депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қорғаныс министрлігі шулы оқиғадан кейін қатаң бақылаудағы депутаттың ұлының табылғанын мәлімдеді. 

2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б.-ның орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін министрлік депутаттың ұлының әскери бөлімнен кетіп қалуына байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Оның алдында адвокат Анна Чернова әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың ұлының қашып кеткенін мәлімдеді. Ақпан айында Дәулет Тұрлыхновтың ұлы Алматыда белгілі ерлі-зайыпты журналистер Анна мен Олег Черновтарды ұрып, басы дауға қалған болатын. Шулы оқиғадан кейін Дәулет Тұрлыханов жария түрде кешірім сұрады. Кейін белгілі болған ақпарат бойынша оның ұлы Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдердің бірінде жұмыс істейтіні анықталды. Сондай-ақ, депутаттың ұлының екі адамды ұрған сәтіндегі бейнежазбасы жария болды

Автор
Новости партнеров