Павлодар облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

26 апреля 2023 г. 16:47 / Новости Казахстана

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

25 сәуір күні Астана-Павлодар тас жолының 1207/142 шақырымында Екібастұз қаласы Бәйет ауылының маңында жол апаты орын алды. 47 жастағы Hyunday Solaris автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмауы салдарынан Daimler Chrysler жүк көлігінің тіркемесінің артқы бөлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Hyunday көлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, 16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды. Қазір көліктер арнайы тұраққа қойылып, тиісті сараптама тағайындалды. Осыған байланысты оқиғаға тексеріс жүргізіліп жатыр.

Үш күн бұрын Ақтөбе облысында жол апатының салдарынан үш адам қаза тапты. Бұған дейін Ақтөбе облысында жол апаты орын алып, екі ресейлік оқиға орнында өмірден өткен еді. Сонымен қатар, Жетісу облысында екі көлік соғылып, үш адам қайтыс болды. Одан сәл бұрын Маңғыстау облысында төрт адам мінген жеңіл көлік автовозға соғылып, қайтыс болған еді. Одан бөлек, Қызылорда облысында жол апатына төрт адам қайтыс болса, Шығыс Қазақстанда үш адам жол апатынан бақиға аттанды. Наурыз айының басында Ақтөбе облысында бір үйдің төрт адамы жол апатынан қаза тапты. Олардың бірі әкесі, қалған үшеуі балалар болған

Автор
Новости партнеров