Бокс федерациясы Қоңқабаевтың Жалоловпен неліктен жекпе-жекке шықпағанын түсіндірді

24 февраля 2023 г. 19:57 / Новости Казахстана

Болгарияда өтіп жатқан "Странджа" турнирінде Қамшыбек Қоңқабаевтың өзбек боксшысына қарсы кездесуге шықпай қалуына елімідің бокс федерациясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасымыз Софияда 74-ші рет жалауы желбіреген турнирге бокстағы ұзақ жылдық үзілістен кейін қатысқан болатын. Ол алғашқы кездесуінде нидерландтық ертес Стэннен басым түскенімен, ширек финалда өзбек боксшысы Баходир Жалоловқа қарсы кездесуге белгісіз себеппен шықпай қалды. 

Бұл туралы ҚР бокс федерациясы арнайы мәлімдеме жасады.

Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты Странджа рингіне шықпады. Ол 1/4 финалда Баходир Жалоловпен кездесуі керек еді. Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда маңызды жарыстар – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен денсаулығын ойлауы қажет, - деп жазды бокс федерациясының ресми парақшасында. 

Оқи отырыңыздар:

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan

 

 

Автор
Новости партнеров