Placeholder
Новости Казахстана13 сентября 2023, 18:00

Жыл сайын елімізде балаларға қарсы 2000-ға жуық қылмыс жасалады

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев бала қауіпсіздігін сақтау мәселелерін көтерді, - деп хабарлайды Arbat.media

Е. Бейсенбаев Мәжілістің жалпы отырысында:

Жыл сайын елімізде балаларға қарсы 2000-ға жуық қылмыс жасалады. Яғни, күн сайын кемі 6 қылмыс тіркеледі. Бұл – өте қорқынышты статистика. Сонымен қатар, жыл сайын 4 мыңнан астам бала бейімдеу және оңалту орталықтарына жеткізіледі. Жыл сайын 150-ге жуық сәби қараусыз қалғандықтан көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кетеді. 

Ата-ана қамқорынсыз қалған балалар көбірек зәбір көреді. Өгей әке-шешеден зорлық-зомбылықтың жиі болуы – әлеуметтік қорғауда жүйелі жұмыстың жоқтығын көрсетеді. Яғни учаскелік инспекторлардың, кәмелетке толмаған балалармен айналысатын мамандардың жұмысына сын көп.

Біз беретін нақты ұсынымдар: балалардың терезеден құлау фактілеріне байланысты, әкімдіктер, КСК тарапынан түсіндірме жұмыстары күшейтілуі тиіс; отбасындағы ішімдікке немесе нашақорлыққа салынған азаматтардың барлығы қатаң бақылауға алынуы керек. Олармен пробациялық жұмыстарды жүйелі деңгейде өткізу маңызды; бала қауіпсіздігін сақтауда барлық мемлекеттік органдар бірлесіп, жүйелі әрі жылдам жұмыс жасауы қажет.

Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс депутаты Балалар Қылмыс

Новости по теме