Placeholder
Новости Казахстана20 сентября 2023, 14:45

Жоғалып кеткен 5 жасар бүлдіршін кәріз құдығынан табылды

Атырау облысының Исатай ауданында бес жасар бала кәріз құдығына түсіп кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атырау облысы ПД  баспасөз қызметі:

Аққыстау ауылының тұрғыны сағат 17:48 шамасында полиция бөліміне 20 минут бұрын бес жасар ұлының жоғалып кеткені туралы хабар берді. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру жұмыстарын жүргізгенде баланың дауысы тұрғын үй ауласындағы кәріз құдығынан шыққанын байқаған. Кәріз құдығына түсіп кеткен бүлдіршін аман-есен шығарылды.

Жергілікті дәрігерлер балақайға жан-жақты тексеру жүргізді.

 

Атырау облысы Исатай ауданы кәріз құдығы Оқыс оқиға

Новости по теме