Placeholder
Новости Казахстана14 июня 2023, 18:35

Жетісу облысында қаңтар оқиғасында қолды болған қару табылды

Жетісу облысының полицейлері 2022 жылы болған қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған тағы бір орынды анықтады, деп хабарлайды Arbat.media.
 

13 маусымда Сарқан қаласының маңында Жетісу облысы ПД ҰҚККБ жедел қызметкерлері мен ҰҚКД қызметкерлерінің күшімен қару-жарақ сақталған орын табылды. Полиэтилен пакетке оралған атыс қаруы мен оқ-дәрілер Сарқан-Екіаша автожолының 5 шақырымында суармалы арықтан шыққан.

7 патронмен жарақтандырылған “Байкал“ тапаншасы, бір ауызды аңшылық мылтығы, 12 калибрлі шолақ мылтық, маркасы белгіленбеген, сериялық нөмірлері жоқ газ тапаншасы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 105 патрон тәркіленді. “Байкал” тапаншасы 2022 жылы Талдықорған қаласында Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды, - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚККБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Бұған дейін еліміздің ҰҚК сәуір мен мамыр айларында қаңтар оқиғасында жоғалған қаруларды тапқанын хабарлаған. Сондай-ақ, Жамбыл облысында қаңтар оқиғасында жоғалған қарулардың табылғаны туралы айтылды. Сонымен бірге, наурыз айының соңында Жетісу облысында қаңтар оқиғасында жоғалған қарудың бір легі табылған болатын. Сонымен бірге, ұрланған қаруды жасырған Семей облысының тұрғыны ұсталды. Бұдан бөлек,, Атырау облысында 28 ақпан облыстық ПД қызметкерлері Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтады.  

Қаңтар оқиғасы Қару-жарақ полиция

Новости по теме