Новости Казахстана1 октября 2023, 13:54

«Зерде» холдингінің шотында 4 млрд теңге қалған

«Зерде» холдингі таратылғаннан кейін мекеме шотында қанша қаражат қалғаны жария етілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ақпаратты цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі берді.  

Холдинг есепшотында қалған 4,07 млрд теңге республикалық бюджеттің кірісіне 2023 жылғы 22 маусымдағы 234 төлем тапсырмасымен аударылған.

«Зердені» тарату Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды цифрландыру мен цифрлық трансформациялауды одан әрі дамыту процесіне теріс әсер етпейді.

Оны жүзеге асыру «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңы шеңберінде уәкілетті органның басшылығымен әрі қарай жалғастырылатынын және цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және 2023 - 2029 жылдарға арналған киберқауіпсіздік саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.

Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Зерде» холдингін реформалауды тапсырған. Тамызда «Зерде» холдингін тарату туралы шешім қабылданған. 

 

зерде Холдинг есепшот Қаржы

Новости по теме