Placeholder
Новости Казахстана17 февраля 2023, 19:55

Жеңілдетілген несие бойынша көлік алу үшін қосымша қаржы бөлінбейді - Роман Скляр

Елімізде автокөлік алуға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясындағы 188 миллиард теңге айналымда қалатын болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Сенаттағы парламенттік тыңдаудан кейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеңілдетілген несиемен көлік алуға қосымша қаржы бөлінбейтінін атады. 

Көлік алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасына тоқталсақ, 188 миллиард теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр. Атап айтқанда, елімізде бұл бағдарламаға айтарлықтай сұраныс бар. Әзірге, салынған 188 миллиард теңге жеткілікті деп санаймыз. Жақын арада айналымдағы осы қаражатқа қосымша ақша бөлінбейді. Себебі елімізде жүзеге асыратын басқа да маңызды міндеттер бар, - деді Р. Скляр.

Сонымен қатар ол аталған бағдарлама аясында қаражат айналымда қалатынын айтты.

Бағдарлама тұрақты негізде іске асырылады. Бірақ оның аясында берілетін несие санына қатысты уәж айтылып жатқаны белгілі. Алдағы уақытта да револьверлік негізде қаржыландыру жалғасады, яғни осы айналымдағы қаражаты басқа мақсаттарға жұмсамаймыз, - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Бұған дейін жеңілдетілген несиемен көлік алу бойынша бағдарлаға қатысушылар өтінім қабылаудың тез аяқталғанына шағым білдірген болатын. Төмен пайызбен несиеге көлік алу үшін 800-ге жуық адамның ғана өтініші қабылданды. Ал бағдарламаға басталған сәттің алғашқы минутында ресми сайтқа 125 мың адам бір мезетте кіргені айтылды. 

Автонесие Қоғам Несие Қазақстан

Новости по теме