Placeholder
Новости Казахстана2 октября 2023, 18:50

Жеке дерегі ұрланған қазақстандықтарға SMS келеді

Жеке дерегі ұрланған қазақстандықтарға SMS келеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жеке мәліметпен жұмыс істейтін мекемелер азаматтардың дерегі ұрланғанда оның иесіне хабар жіберуге міндеттеледі.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева «Amanat» партиясында брифингігде былай деді: 

Заңға ұсынылып отырған түзетудің тағы бір жаңашылдығы – хабар беру институты. Яғни, мен қазір менің дербес деректерім қолды болғанын білмей жүре беруі мүмкін. Оны біреу бір жерден көріп, маған хабарламаса, сол күйі хабарсыз болам.
Ал біз ұсынып отырған норма бойынша, «1414» нөмірінен дербес дерегім тарап кеткені туралы SMS-хабарлама келеді. Бұл менің азамат ретіндегі құқығым болғандықтан, реттеушіге қоңырау шалып, дербес дерегімнің қолды болғанын хабарлаймын.

Қазір көп адамдар дербес деректерінің қолды болғанын білмейді. Соның кесірінен түрлі алаяқтар несие алуды ұсынып, түрлі жолдармен дербес дерек иелерін өз құрбанына айналдырады. Мұндай алаяқтықтарды қазір ешкім дербес деректің қолды болуымен байланыстырмайды. Тіпті екі мәселенің арасында байланыс бар екенін білмейтіндер де бар. Мысалы, әжелерімізге қоңырау шалып, аты-жөнін айтып, немерелерінің атын, үй телефондарын біліп алады да, мазалай бастайды. Міне, қалай болып жатыр?! Ал әжелер дербес дерегінің қолды болғанын сезбейді де. Сондықтан дербес деректермен жұмыс істейтін мекемелерге осындай міндет жүктегелі отырмыз. 

SMS жеке дерек Қазақстандықтар мәлімет

Новости по теме