Placeholder
Новости Казахстана8 сентября 2023, 16:28

Жастардың 80 мыңдайы интернетте деструктив қоғамдастыққа қосылған

Қазақстанда 80 мыңға жуық жас интернет арқылы деструктивті қоғамдастыққа қосылған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Лаңкестік және экстремистік ұйымдардың әлеуметтік желілерді өз мүддесіне пайдалану қаупі туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев айтты. 

 Халықты радикалдандырудың маңызды факторы - терроризмді интернетте насихаттау. Интернет қолданушылардың белсенділігі терроризм мен экстремизм идеологтарының үгіт-насихат жүргізуге жағдай жасап отыр. Әсіресе бұл жастарды радикалдандырудың негізгі факторы. Цифрлы ортада халықаралық террористік ұйымдар халыққа деструктивті ақпараттық насихат жүргізіп, психологиялық әсер етуі үшін пайдаланатын желілік инфрақұрылым құрылды.

Интернетте жұмыс істейтін 10 мыңға дейін экстремистік электронды алаң бар. Әлеуметтік желілер мен мессенджерде ақпапарт алмасу, экстремистік материал тарату, террористік қызметті басқару құрылады. Ең осал және террористік қауіпке жиі ұшырайтын санат - жастар.

Биыл ғана Қазақстанда деструктивті қауымдастықтардағы жастар арасынан 80 мыңға жуық желі пайдаланушысы анықталды. Ішінде 6 мыңға жуығы 18 жасқа толмаған.

Интернет Жастар Лаңкестік Терроризм

Новости по теме