Placeholder
Фото: polisia.kz
Новости Казахстана30 июня 2023, 15:59

Жаркентте болған жол апаты бір адамның өмірін үзді

Бүгін Жаркентте  Toyota Camry және Volvo ауыр жүк машинасы соғылып, адам өлімімен аяқталған жол апаты тіркелді,  деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің мәліметінше, жол апаты кезінде екі көлік те жанып кеткен. Оқиға орнында 37 жастағы ер адам қаза тапты.  Түнде Головацкий көшесімен келе жатқан шетелдік көлік жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды. Соққы жанармай багына келген.

Жол апаты дерегі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалып, ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігінде (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) көзделген тергеу амалдары басталды.

 

Жаркент Алматы облысы Қоғам

Новости по теме