Новости Казахстана7 апреля 2023, 19:00

Жанар-жағармай өнімдерін заңсыз алып кетудің жолы кесілді

Ақпан айының басынан бері ел аумағынан жанар-жағармай өнімдерін заңсыз алып кетудің 288 дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстан аумағынан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынған сәттен бастап мемлекеттік кірістер органдарымен мұнай өнімдерін үшінші елдерге заңсыз әкетудің  94 дерегі анықталған. Олар бойынша сотпен 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынып және 2 341 литр бензин мен 25 335 литр дизель отыны тәркіленді.

ЕАЭО мемлекеттерімен шекарада  63 мың литрден астам  жанар-жағармай өнімдерін шығарудың 194 фактісі анықталды. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда көрсетілген тыйым  күшіне енген күннен бастап электрондық декларациялаудың «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде мұнай өнімдерін кедендік декларациялауға жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдаған, деді Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіндегілер.

Осы шектеуге қатысты әкімшілендіру жұмыстары  тұрақты негізде  алты айлық тыйым салу кезеңінде жүзеге асырылмақ.

Жанармай Заңсыз тасымал Прокуратура Заң

Новости по теме