Placeholder
Скрин из видео
Новости Казахстана12 апреля 2023, 14:17

Жаңаөзен полицейлері бір топ қала тұрғынын ұстады

Бүгін таңертең Жаңаөзен қаласында бір топ азаматты қала тұрғындарының көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жолды жауып тастағаны үшін полиция ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті жолды жапқан тұрғырдарды қалалық полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді. 

Қоғамдық қауіпсіздікті және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері оларды профилактикалық әңгіме жүргізу үшін Жаңаөзен қаласы полиция басқармасына жеткізді. Мұндай іс-әрекет ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабы (Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша шара қолдануға және ол 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауаптылыққа әкеп соғады, деді МО ПД баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін Астанада мұнай компаниясына орналастыруды талап еткен жаңаөзендік жұмыссыздарды полиция жасағы ұстап әкеткен болатын. Олармен жолығуға барған Мәжіліс депутаттары мәселені шеше алмады. Кейін талап қойғандарды қамауға алғаны үшін Жаңаөзенде екі мыңға жуық адам қамалғандарды босату туралы талап қойды. 

Жаңаөзен полиция Қамау Наразылық

Новости по теме