Placeholder
Новости Казахстана20 апреля 2023, 17:10

Жамбыл облысында қаңтар оқиғасында қолды болған қарулар табылды

Жамбыл облысында атыс қаруы мен оқ-дәрілер сақталған орын табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Көліктегі ПД ҰҚҚК басқармасының қызметкерлері Шу қаласының маңында қараусыз қалған ғимараттан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тапты.

Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысы ПД-ден ұрланған АКСУ-90 автоматы оқсаларымен бірге, бөлшектелген түрдегі қос ұңғылы аңшы мылтығы, 16 мл калибрлі шолақ аңшы мылтығы, Streamer 1014 маркалы газ тапаншасы, 5.45 мм калибрлі патрондардың 29 бірлігі, 7.62 мм калибрлі 7 патрон, 16 мл калибрлі тегіс ұңғылы қарудың 9 патроны немесе 49 данасы тәркіленді, - деді ҰҚҚК басқармасының бастығы Теміржан Рамазанов.

Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Бұған дейін Жамбыл облысында қаңтар оқиғасында жоғалған қарулардың табылғаны туралы айтылды. Сонымен бірге, наурыз айының соңында Жетісу облысында қаңтар оқиғасында жоғалған қарудың бір легі табылған болатын. Сонымен бірге, ұрланған қаруды жасырған Семей облысының тұрғыны ұсталды. Бұдан бөлек,, Атырау облысында 28 ақпан облыстық ПД қызметкерлері Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтады.  

Қару-жарақ Жамбыл облысы Қаңтар оқиғасы Қоғам

Новости по теме