Placeholder
Новости Казахстана12 июля 2023, 13:40

Жамбыл облысында найзағайдан 26 жылқы қырылды

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы таулы аймақ Тереңөзек ауылының маңында найзағай түсіп, бір үйір жылқы қырылып қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

 "Хабар 24" арнасының жазуынша, 20 жылдан бері бақша егіп мал шаруашылығымен айналысып жүрген Нұрболат Мырзақұлов 3,5 миллион теңге көлеміндегі жеңілдетілген несиеге жылқы сатып алған.. Бірақ оқыс оқиғадан кейін 10 жылқысы найзағайдан өлген. Шаруа мұндай жағдайдың аймақта алғаш рет болғанын айтып отыр. 

Кепілдікке мына тауда орналасқан үйді қойдым, ауылдағы кішігірім там бар еді соны қойып барып, жүрігіп жүріп тиген ақшаны алдым. Сөйтіп мал алдым. Мал өсірем деп едім. Ойда жоқта қырылып қалды. 5 миллион теңге шығынға баттым. Ауылда кішігірім үйім бар еді. Одан айырылсам бала-шағаммен қайда барамын, - дейді Тереңөзек ауылының тұрғыны Нұрболат Мырзақұлов.

Нұрболатпен қоса ауылдағы 7 үйдің 26 бас жылқысын найзағай мерт еткен. Өлген малдың құнын кімнен дауларын білмей басы қатқан тұрғындар аудан әкімдігінен көмек сұрағанын айтады. 

Бәріміздің қарап отырғанымыз бір мал басы одан басқа түгіміз жоқ енді шыны керек. Бруцеллез болса ауру шықса малға, оған аудан әкімшілігі төлеуші еді. Сондай көмек бола ма деген ниетпен. Сол өтемақы сол көмек бізге өте қажет болып тұр, - дейді тұрғын Жандархан Мамытбеков.

Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, ресми төтенше жағдай жарияланған жағдайда және мал арасында жаппай ауру тараған кезде, шығындар мемлекет тарапынан өтеледі. Ал қазіргідей сирек жағдай терең зерделеуді қажет етеді дейді. 

Жамбыл облысы Найзағай Жылқы

Новости по теме