Placeholder
Новости Казахстана21 сентября 2023, 9:10

Жалған аккаунтпен жұртты алдаған қыз сотталды

Шымкентте жалған аккаунтпен жұртты алдаған қыз 1,5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сотталушы әлеуметтік желі қолданушыларының парақшасын мұқият зерттеп, жалған аккаунт ашып, көпшіліктен қарызға ақша алып келген. Жымысқы ойын жүзеге асыру үшін, ол басқа адамдардың жеке парақшасынан фотосуреттерді пайдаланған.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі:

Шымкент қаласы тұрғынының жазған арызы негізінде криминалды полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 22 жастағы Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Қыз «ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған алаяқтық» бабымен кінәлі деп танылды. Сотталушыға 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

жалған аккаунт сот Шымкент

Новости по теме