Placeholder
Новости Казахстана14 сентября 2023, 12:09

Үш жасар бала кәріз құдығына құлап мерт болды — Алматы облысы

Алматы облысында үш жасар бала кәріз құдығына құлап мерт болды, - деп хабарлайды Arbat.media

Қырбалтабай ауылындағы балабақша аумағында бүлдіршін ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен. 

13 қыркүйек күні сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Қырбалтабай ауылындағы балабақша аумағында ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен үш жасар бала ауылдық ауруханада қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факт полицияда «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бабы бойынша тіркелді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеу үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Б.Әленов тергеу барысын өз бақылауына алғанын атап өтті.

Алматы облысы Бала өлімі Тексеру кәріз құдығы

Новости по теме