Үш баласын айуандықпен өлтірген әкенің ісі сотқа жолданды
Ақтауда наурыз айында үш баласын өлтірген әкенің қылмысы бойынша тергеу аяқталып, прокурордың қарауына жіберілді. Осыдан кейін қылмысты іс сотқа жолданады, деп хабарлайды Arbat.media.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша қылмыскер әрекетін тергеуде мойындаған.
Күдікті бұл әрекетін мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталды және танысу үшін прокуратураға жіберілді, - деді Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Наурыз айының соңына таман 27 шағын ауданнда 36 жастағы ер адам 7, 9 және 12 жастағы үш баласын асқан айуандықпен өлтіргені жария болған еді. Оған қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталған-тын.
Кейін полиция қылмыскердің өз балаларын мас күйінде өлтіргені туралы хабар таратты. Сондай-ақ, көршілерінің бірі үш баласын ертіп үйге кіріп бара жатқан күдікті оқиғадан бірнеше сағат бұрын көргенін айтқан. Ал қылмысқа барған тұрғынның ауылдары оның радикалды діни бағытта жүргенін де атаған.