Новости Казахстана20 сентября 2023, 15:00

«Үркер» сыйлығына үміткерлердің тізімі

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы URKER-2023 ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-листі жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Биыл байқау 12 номинацияда өтіп жатыр.

Медиа саласын дамытуға үлесін қосып жүрген медиа мамандарына жаңа номинация қосылды.

«Үздік халықаралық БАҚ», «Үздік подкаст», «Үздік YouTube канал».

Байқауға баспа, радио, интернет-журналистика саласында қызмет етіп жүрген журналистерден барлығы 450 өтінім түскен.

Соның ішінде ең көбі «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік сұхбаты», «Үздік өңірлік БАҚ», «Жылдың үздік аналитикалық материалы» және «Жылдың үздік репортажы» номинациялары бойынша келіп түсті.

Шорт-листке 48 номинант енді. Олардың тізімімен мына сілтемеде таныса аласыздар. 

URKER-2023 интернет-журналистика БАҚ

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!