Placeholder
Новости Казахстана21 сентября 2023, 18:00

Ұлыбританияға виза бағасы қымбаттатады

Ұлыбританияға виза алу қымбаттайды, өйткені келесі айдан бастап визаның барлық түрінің бағасын 15% қымбаттатуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл студенттер мен туристерге қатысты. Оның ішінде Ұлыбританияға кіру және елде болу үшін виза сұралатын қазақстандықтар да бар, деп жазады ҚазАқпарат.

Жаңа заң бойынша, мысалы, 6 айдан аспайтын қонақ визасы 15 фунт стерингке қымбаттап, құны 115 фунт стерлинг (шамамен 67 мың теңге) болады. Сонымен қатар, 2, 5 және 10 жылдық қонақ визаларының да бағасы өседі.

Ұлыбританиядан тыс жерде студент визасын алуға өтініш беру де айтарлықтай қымбаттайды. Елде оқитындар 490 фунт стерлинг (288 мың теңге) төлеуі керек.

Бұл – ел ішінде виза алу үшін берілетін өтініш бағасымен бірдей болады.

Өзгерістер рейсін ауыстыру немесе қажет жеріне жету мақсатында басқа көлікке отыру үшін елге кіргізетін транзиттік визаға қатысты емес.

Ұлыбритания виза қымбаттау

Новости по теме