Новости Казахстана23 мая 2023, 22:20

Төрт айда бес жүз мыңға жуық қазақстандық әлеуметтік көмекке қол жеткізді

2023 жыл басталғалыбері елімізде 94,2 мың отбасындағы 494,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Алғашқы төрт айдағы жағдай бойынша осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінген. 

АӘК отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жас пен 6 жастағы балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің заттай түрінен, монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5175 теңге) қосымша ақшалай төлем түріне ауыстырылды, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз  қызметі.

Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 150,8 мың балаға қосымша төлем тағайындалған. 

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алатыны белгілі болып отыр. 

АӘК Көмек Әлеуметтік қорғау

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!