Placeholder
Новости Казахстана22 июня 2023, 16:21

Төреғали Төреәліге тағы да үш күн қамауда отыру жазасы берілді

Таяуда Алматыда жол ережесін бұзып қамауға алынған әнші Төреғали Төреәлі қосымша тағы бірнеше күнге қамауға алынған, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді. Отандық әнші әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 613-бабы, 1-бөлігі (полиция қызметкерінің талаптарын орындамағаны үшін) бойынша қосымша жауапкершілікке тартылған көрінеді. 

Іс материалдарын зерделеп, сот 14 маусымда Әлихановтың есірткіге мас күйінде автокөлік жүргізгенін анықтады. Ол патруль полициясының көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамады, - деп жазылған сот хабарламасында.

Нәтижесінде Төреғали Төреәлі кінәлі деп танылып, оған үш тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза бекітілді. 

Төреғали Төреәлі қамауға алынғаннан кейін оны отандық әншілер қолдап, әлеуметтік желіде бірнеше жазба жариялады. Әнші Тоқтар Серіков Төреғалиға арнаған сөзінде "сенің еркелігіңді көтеретін елің қалмапты" деген пікір айтқан болатын. 

Бұған дейін Алматыда белгілі әншінің мас күйінде полициядан қашқаны туралы бейнежазба жария болған еді. Кейін оны полиция күштеп тұтқынға алды. Сот шешімі бойынша Төреғали Төреәлі жеті жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылып, 20 күнге қамауға алынған еді.

Төреғали Төреәлі Әнші Қамау

Новости по теме