Placeholder
Новости Казахстана19 апреля 2023, 15:49

Тоқаев Маңғыстаудағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың баяндамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Жаңаөзенде болған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын тез арада бітіру қажет. Жалпы, Жаңаөзен – мұнай-газ саласына ғана қарап отырған моноқала. Сол себепті, біз оны дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық. Осы құжатты мейлінше жүзеге асыру керек. Үкімет те бұл жұмысқа жауапты болады, - деді Қ.Тоқаев. 

Ол сонымен бірге, Маңғыстау облысында мұнай компанияға жұмысқа тұруды ғана көздеген адамдар туралы да айтып өтті. 

Батыста, әсіресе, Маңғыстауда, жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді. Бұл – дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал тіпті күрделі болып кетуі мүмкін. Сондықтан жастардың басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты арнайы жоспар бойынша атқару қажет. Мысалы, бүгінгі заманның өзекті саласы – ақпараттық технологиялар. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады. Жалпы, біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Өскелең ұрпақ келешекке сеніммен қарауы қажет. Бұл үлкен жұмыс. Бұл әкімнің, Үкіметтің құзырында тұрақты түрде болу керек, - деді президент. 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен

Новости по теме