Placeholder
Новости Казахстана25 мая 2023, 21:27

Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысының финалына өтті

Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен шеберлік байқасып көрді. 

Бірінші партияда фин теннисшісі 6:4 есебімен басым түсті. Есесіне екінші сетте қазақстандық спортшы есе қайырды – 6:2. Ол үшінші, шешуші партияда да 3:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін О.Виртанен таразы басын теңестірді. Дегенмен Скатов матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5.

Екі сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Тимофей 12 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. 

Скатов іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 165-ракеткасы Мелигени Родригес Алвес Фелипемен ойнайды. Егер Тимофей бразилиялық теннисшіні ұтса, алғаш рет Ролан Гарростың негізгі додасына жолдама алады.

Тимофей Скатов Теннис Ролан Гаррос

Новости по теме