Placeholder
Новости Казахстана29 сентября 2023, 19:15

Теміржол өткелінде көлік жүргізушісі мерт болды

Ақтөбе облысында теміржол өткелінде екі көлік соқтығысып, жеңіл автокөліктің жолаушысы қаза болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

28 қыркүйек күні сағат 22:40 шамасында 53 жастағы DAF жүк көлігінің жүргізушісі Ақтөбе-Орынбор автожолымен жүріп келе жатып, қатар бағытта жүріп келе жатқан және реттелмейтін теміржол өткеліне тоқтаған Opel Vectra автокөлігімен соқтығысқан.

Opel автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысы Теміржол Жол апаты

Новости по теме