Новости Казахстана26 июня 2023, 18:35

Таразда төсек қатынасы туралы бейнежазбаны таратпау үшін ақша бопсалаған күдіктілер қамалды

Жамбыл облысында интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау үшін ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, Тараз қаласының полиция бөліміне бопсалау дерегі туралы облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны шағымданған. Жас жігіт кейбір адамдар бопсалау және қоқан-лоққы көрсету арқылы интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпау үшін оның 990 мың теңге көлеміндегі ақшасын иемденгенін айтты.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 94-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп 29, 28, 24 және 19 жастағы жылы төрт азаматты анықтап, ұстады. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады, - деді ІІМ баспасөз қызметі. 

Қазір 24 пен 29 жас аралығындағы күдіктілер Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал екі қатысушыға қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша бұлтартпау шарасы таңдалып отыр. Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны да белгілі болды. Атал дерек бойынша істің толық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. 

 

Жамбыл облысы ІІМ Ақша бопсалау

Новости по теме