Талғарда жоғалған иттерді кім әкетіп жүргені белгілі болды
Алматы облысындағы еріктілер тексеру кезінде Талғардағы иттердің қайда жоғалып кететінін анықтады, деп хабарлайды Arbat.media.
Еріктілер тергеу жайлы видеоны әлеуметтік желіде жариялады. Tengrinews.kz-тің жазуынша, Кеңдала ауылында жүздеген бауыздалған ит жатқан шұңқырды табылған.
Иттерді басынан ұрып өлтіріп, ішек-қарнын ақтарып тастаған. Барлық жануар үй иті, себебі мойындарында шынжыр тұр, - дейді еріктілер.
Еріктілер фотоқақпан сатып алып, шұңқыр орналасқан аймаққа түнде орналастарған. Артынша фотоқақпанға бір көлік түсіп қалған. Кейіннен иттер жатқан шұңқыр бетонмен жабылған. Еріктілер "бұл кімнің тапсырысымен" жасалғанын түсінбей дал болып отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Поделиться
Читать Arbat media в