Новости Казахстана10 июля 2023, 15:35

ШҚО-да найзағай түсіп тағы өрт шықты

ШҚО Күршім ауданында найзағайдың тікелей әсерінен орын алған өрт толығымен өшірілді, деп хабарлайды  Arbat.media.

Кеше күндізгі сағат 15.00-де Күршім ауданындағы таулы жерде найзағайдың тікелей әсерінен құрғақ шөп жанып кетті.

Оқиға орнына автокөлік техникасымен жету мүмкін болмағандықтан, ЖАО, өрт сөндірушілер мен орманшылардан 34 адам жану ошағына жаяу жіберілген.  Өрт сөндірудің барлық қатысушыларының іс-қимылдарының үйлесімділігінің арқасында 10 шілдеде сағат 00.00-де өрт 3 гектар алаңда сөндіріліп отыр. 

Бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде өрт шыққаны белгілі болды. Павлодар облысында Ертіс орманынан от шықса, өңірдегі Баянауыл тауларында да өрт ошақтары пайда болды. Сондай-ақ, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында тауда жалын пайда болғаны туралы ақпарат тарады. 

Өрт ШҚО Төтенше жағдай

Новости по теме