Placeholder
Фото: 161.ru
Новости Казахстана25 июня 2023, 6:32

Ростовтың 700 оқушы лагерден үйлеріне орала алмай отыр

"Вагнер" иелігіндегі Ростов қаласына Краснодар кентіндегі "Шахтинский текстильщик" жазғы лагерінен 700 бала қайтаалмай отыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Ростов балалары "Вагнер" жалдамалы әскерінің қаланы басып алуына байланысты үйлеріне әзірге орала алмайды. 

Қазір демалып жатқан балаларды үйлеріне апармауға шешім қабылданған. Олар қазір білім ошағының акт залына орналастырылған. Шағымданған ата-аналар лагерь әкімшілігі бөлмелерді басқа балалар алып жатқанын атаған.

Балалар 24 жатқан бөлмелерді әкімшілік енді демалуға келген басқа оқушыларға беретінін айтып, оларды қайта орналастырудан бас тартып отыр. Үкімет біздің балаларымызға назар аудармай отыр", - деді ата-аналардың бірі.

Алайда, Ростов облысының билігі лагердегі барлық балалардың жағдайы дұрыс екенін айтты. Жоспар бойынша балаларды 25 маусымда үйге қайтару көзделіп отыр. 

Ростов лагерь Бүлік

Новости по теме