Placeholder
Новости Казахстана6 февраля 2023, 23:13

Нұрлан Қоянбаев Respublica партиясынан Мәжіліске үміткерлер тізіміне енді

6 ақпанда Астанада Respublica партиясының басқосуы өтіп, онда делегаттар депутаттыққа өз кандидаттарын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгін Астанада Respublica партиясы кезектен тыс І съезін өткізді. Қазақстанда ресми түрде тіркеуден таяуда ғана өткен жаңа партияның Мәжіліске үміткер ретінде ұсынылған адамдардың есімі белгілі болды.  Депутат болудан үміттілердің 25-і партиялық тізім бойынша, қалған төртеуі мажоритарлық жүйе бойынша сайлауға түспек.

Олардың қатарында Айдарбек Ходжаназаров, Айтұғар Көшмамбетов, Әсел Дәукен, Әсем Әбдірайымова, Бақытбек Хамит, Бейбіт Әлібеков, Дамир Суентаев, Данара Смайл, Дархан Иманашев, Динара Наумова, Динара Шөкіжанова, Екатерина Смолякова , Ермек Өмірзақов, Зейнолла Әбдіманапов, Игорь Копайлов, Қайрат Маишев, Қуаныш Шонбай, Қуанышбек Мұқаш, Қырмызы Жандосова, Нұрлан Қоянбаев, Нұргүл Тау, Олжас Сұлтанов, Олжас Болатбекұлы, Олжас Құспеков, Руслан Берденов сынды үміткерлері бар. 

Сондай-ақ, тізімге бір округ бойынша Бағила Балтабаева, Махамбет Хасенов, Назигүл Шаймарданова, Сырымбек Тау саяси додаға қатысады деп күтіліп отыр. 

Arbat.media бұған дейін "Ақ жол" партиясынан кімдердің сайлауға түсетіні туралы жазды. Мәжілісте 2012 жылдан бері бірнеше мандатқа ие болған ақжолдық үміткерлердің қатарында Қазақстан халықтық коммунистік партиясының бұрынғы мүшесі де мажоритарлық жүйе бойынша сайлауға түскелі отыр. 

 

 

Respublica партия сайлау Мәжіліс

Новости по теме