Placeholder
Новости Казахстана26 июня 2023, 15:22

Ресейдегі жағдайдан кейін Лукашенконың Назарбаевпен сөйлескені белгілі болды

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Бұл туралы Белорус лидерінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ресми хабарламада екі ел арасындағы байланыс мәселесі сөз болғаны туралы айтылған. 
Халықаралық жағдай, өңірдегі ахуал және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынасын талқылады", - делінген хабарламада.
Айта кететін, бір жайт Назарбаев пен Лукашенко кеше кешке сөйлескен көрінеді.
 
Қаңтар оқиғасынан кейін Н.Назарбаев мәлімдеме жасап, өзінің 2019 жылдан бері зейнет демалысында екенін мәлімдеген болатын. Содан кейін экс-президент елдің ішкі және сыртқы ісіне ресми түрде араласпаған болатын. Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып, 2022 жылдың басына дейін ресми қызмет атқарған еді. 
Назарбаев Лукашенко Сөйлесу

Новости по теме