Placeholder
Новости Казахстана22 декабря 2022, 18:50

Қызылордада балыққа барған адамдар аққуды айырмен шаншып ұстап алды

Қызылорда облысында балыққа барған тұрғындар өзенде жүрген аққуды айырмен шаншып ұстап алды. "Олжалы" болған олар оны қуырып жеуге бекінген, деп хабарлайды arbat.media.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада өңірдегі өзендердің біріне балыққа барған адамдар тобының аққуды айырмен шаншып ұстап алғаны байқалады.

Балық аулап жүріп, үйрек ұстап алдық. Кешке қуырдақ қуырамыз. Дәнеш деген бала алыстан айырмен ұрып, ұстады. Үйрек шаршады. Жарты сағат бойы қудық, - дейді бейне жазба авторы.

Бейнежазбаның жақын күндері түсірілгені анық көрінеді. Алайда бұған қатысты әзірге жануарлар дүниесін қорғау басқармасы тарапынан пікір білдірмеді.

Бұған дейін Маңғыстау облысында Қаракөлде жүздеген аққу белгісіз жағдайда қырылып қалды. Оның басты себебі ретінде ауа райының күрт суытып, көл бетінде мұз қатуымен байланыстырылды. 

Қазақстанда  аққулар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізіміне жататындықтан оларды аулауға тыйым салынған. Аталған құсты қорғау мақсатында еліміздің Қызыл кітабына енгізілген.  

Аққу Қызыл кітап Балықшылар Қызылорда облысы

Новости по теме