Новости Казахстана16 июня 2023, 4:54

Қызылодада тұрғындардың 11 миллионға ақшасын алдап алған алаяқ ұсталды

Қызылорда тұрғындарды 10,8 млн теңге көлемінде шығынға батырып алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
 
13 маусым күні ПБ-ның кезекші бөліміне 14 қала тұрғыны алаяқтың әрекетінің құрбаны болғандығы жөнінде арызданғаны белгілі болды. .

Күдікті жәбірленушілерден 2022 жылдан бастап “мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген жылжымайтын мүлікті кезексіз алып беремін”, “баспана алу үшін кезегіңді жылжытып беремін” деп, алдап арбау жолымен 10 миллион 820 мың теңге ақшаларын алған.

Алайда бұрын сотты болған 27 жастағы азаматтың хабарсыз кетуінен кейін тұрғындар оған қатысты шағымдана бастады. Осыдан кейі күдікті азамат ұсталды.

Қазіргі уақытта ҚК 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-ға қамалып, оған қатысты мән-жайлар анықталып жатыр.
 
 

Қызылорда Алаяқтық полиция

Новости по теме