Новости Казахстана20 апреля 2023, 16:17

"Қорғас" орталығы қайта іске қосылады

Үш жылдан бері жұмысын тоқтатқан "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жақында жұмысын бастайтын болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Жетісу облысы әкімдігінің мәліметінше, "Қорғас" пандемияға байланысты жұмысына шектеу қойылған. 

«Қорғас» ШЫХО әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өтті. Осы үш жыл ішінде Басқарушы компания Орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес-процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды», - деді Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. 

Енді екі ел арасында ірі сауда орталық 24 сәуірден бастап жұмысын бастамақ. 

Негізінен мұнда Қазақстан мен Қытай тараптарының өкілдері сауда жасайды. Нарықтағы бағадан бірнеше есе арзан бағада көптеген сауда орындары жұмыс істейді. 

Қорғас Сауда Бекет Жетісу облысы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!