Новости Казахстана11 сентября 2023, 15:30

ҚМДБ: Балиғат жасына толмаған қызға орамал тағу міндеттелмейді

ҚМДБ балиғат жасына толмаған қызға орамал тағу міндеттелмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осылайша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке басына орамал тағып баруына қатысты мәселеге жауап қатты.

Жылда оқу жылы бастала сала, қыздардың мектепке хиджабпен бару-бармауы қызу талқыланады.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікірін қосып, мектеп формасы бұйрығын ұстануын айтқан.

Иманды, білімді ұрпақ тәрбиелеу – әр ата-ананың мақсаты. Шариғатта балиғатқа толған мұсылман қызға орамал тағу – парыз. Сол секілді білім алудың да үкімі – парыз.

Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес. Сондай-ақ орамал тағу ұлттық дәстүріміз. Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс.

Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек. 

ҚМДБ орамал тағу балиғат жасы шариғат

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!