Placeholder
Новости Казахстана22 мая 2023, 14:01

Қазақстандағы пирамидалық компаниялардың тізімі жарияланды

Қаржы пирамидасы ретінде қызмет көрсетеді деген күдікке ілініп, сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінше, өз қаражатын инвестициялауды жоспарлаған қазақстандықтар компанияның сенімділігін Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімде де тексеруіне мүмкіндік бар.

Айта кету керек, агенттік биылғы жыл басынан 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4 мыңға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталды.Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржы пирамидасы белгілері бар контентке жазылудан бас тартты», - делінген Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінде.

Еске салайық, инвестиция салмас бұрын компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын ҚМА Telegram-ботынан білуге болады. Жыл басынан қызметке 3511 өтініш түскен.

Азаматтарды қырағы болуға және ақша қаражатын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына (1458) хабарласа алады», - деді агенттіктен.

Финпирамида Қазақстан Антикор

Новости по теме