Новости Казахстана22 июня 2023, 15:58

Қазақстанда облыс әкімі болған тұңғыш әйел адам қазір қайда жүргенін айтты

Қызылорда облысының әкімі болған Гүлшара Әбдіхалықов қазір немен айналысып жүргенін айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Қаңтар оқиғасынан кейін араға уақыт салып қызметінен кеткен Гүлшара Әбдіхалықованың қандай қызметке тағайындағаны айтылмаған еді. Atameken Business тілшісіне берген сұхбатында ол қандай жұмыспен айналысып жүргенін айтты. 

Қызылорда облысы әкімдігінен кеткен соң "ҚазМұнайГаз" компаниясында ірі жобаларды жүргізіп жатырмын. Әр жұмыстың өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ, бұрынғы тәжірибем, облыстағы тәжірибем, Үкіметте жұмыа істегенім де жақсы көмектесіп жатыр. Кез келген жұмысқа білекті сыбанып кіріссең, нәтиже болады ғой, - деді Гүлшара Әбдіхалықова сұхбат барысында. 

Г.Әбдіхалықова былтыр сәуір айында облыс әкімі лауазымы қызметінен босатылды. 2022 жылдың маусым айында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ адам ресурстарын басқару жөніндегі бизнес-серіктесі қызметіне кіріскен. Ол Қазақстанда облыс әкімі болған әзірге жалғыз әйел әкім. Шенеунік әр жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, вице-премьер, мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарып, облыс әкімі болған Мәжіліс депуты болды. 

Гүлшара Әбдіхалықова Облыс әкімі ҚМГ

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!