Placeholder
Новости Казахстана23 января 2023, 17:38

Қазақстанда McDonald’s желісі Ресейдегідей басқаша атаумен жұмысын бастады

Алматыда McDonald’s ресторанының өзгеріп, басқаша атаумен жұмысын бастады, деп хабарлайды Arbat.media

Аталған мейрамхана желісінің бір бөлігі елімізде тек Алматыда жұмысын бастады. "Food Solutions KZ" ЖШС компаниясының өкілі мейрамханалардың ашылу реті біртіндеп жүргізілетінін атады. 

2023 жылдың 23 қаңтарында бұрын McDonald ' s брендімен жұмыс істеген "Food Solutions KZ" ЖШС-не тиесілі бірқатар мейрамханалар жұмысын қайта бастады. Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалардың ашылуы біртіндеп жүргізіледі, бастапқы кезеңде Алматыда 5 мейрамхана ашылады", - деп хабарлады компания өкілдігі. 

Сондай-ақ, мейрамхана қызметкерлері барлық еңбек жағдайларын сақтайды. Компания мейрамханалар желісінің жаңа атауы жақын арада пайда болады деп отыр.

"Бұл біздің компанияның өміріндегі жаңа тарау болып отыр. Біз әр қаладада мейрамханаларымызды  біртіндеп ашамыз. Қоғамдық тамақтандыру индустриясындағы көшбасшылық позициямызды сақтаумақ ойдамыз. Бізді қолдайтын қызметкерлерімізге, серіктестерімізге және мемлекеттік құрылымдарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Әзірге мейрамханалар атаусыз ашылады, бірақ жақын арада біз жаңа атауды ұсынамыз", - деп түсіндірді "Food Solutions KZ" басшысы Әсет Машанов.

McDonald’s Қоғам Қазақстан Тамақтану

Новости по теме