Placeholder
Новости Казахстана27 марта 2023, 17:23

Қазақстанда екі айда 69 мыңнан астам автокөлікті заңдастырылды

Биылғы 23 қаңтар мен 26 наурыз күндері аралығында Қазақстан бойынша 69 мыңнан астам көлік заңды тіркеуден өтті,  деп хабарлайды Arbat.media Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ведомствода өткен брифингте мәлімдеді. 

Көліктердің 67 пайызы Ресей Федерациясынан (46 592 автокөлік), 19 пайызы Армениядан (13 424 автокөлік), 10 пайызы Қырғызстаннан (6 788 автокөлік), 2 пайызы Грузиядан (1 296 автокөлік),- деді Қайсар Сұлтанбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ІІМ Үкімет қаулысының жобасын әзірлеген. Онда "автоқұрылғылар" деп аталатын, яғни қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автомобильдерді заңдастыру шарттары айқындалып отыр.  

 Жоба жария талқылаудан өтті, қазір біз оларды қорытындылап, содан кейін жобаны мемлекеттік органдарға түпкілікті келісуге жібереміз және оны Үкіметке енгіземіз", - деді комитет төрағасы.

 

 

Автокөлік Заңдастыру ІІМ Армения

Новости по теме