Placeholder
Новости Казахстана14 июня 2023, 9:30

Қазақстан велоспортшылары Азия чемпионатында топ жарды

Тайландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ерлер арасында 156 шақырым болатын топтық жарыста ұлттық құрама спортшылары қос жүлдеге ие болды. Мәселен, отандасымыз Глеб Брусенский мәреге бірінші болып жетсе, тәжірибелі Евгений Гидич көмбеге екінші болып келді. Ал үздік үштікті жапондық велошабандоз Юкия Араширо қорытындылады. 

Районгта апта бойы сары құрлықтың 27 елінен келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында бақ сынауда. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынып, алдағы жолдама алуға мүмкіндік бермек. 

Азия Чемпионат Жеңімпаз

Новости по теме