
Қазақстан теміржолына АҚШ миллиард доллар инвестиция құяды
Қасым-Жомарт Тоқаев Wabtec президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кездесуде Қазақстан мен америкаkық компания арасындағы теміржол саласын қайта құру саласындағы ынтымақтастықтың келешегі сөз болды.
Рафаэль Сантана Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоспарланған инвестициялық жобалар, оның ішінде сутегі технологиясын қолданатын локомотивтер мен оларға арналған құрамдас бөліктер өндірісін іске қосу және инжиниринг орталық құру, технология трансферті де болды.
Қазақстан президенті Wabtec компаниясының елдің көлік-логистикалық саласына шамамен бір миллиард доллар инвестициялау жоспарын мақұлдады.
Өйткені бұл Транскаспий халықаралық көлік бағытын және басқа да инфрақұрылым жобаларын дамытуға серпін береді.